1026

Атырау облысында көпірден құлаған әйел көз жұмды

Мақат ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйелді құтқару мүмкін болмады.

Атырау облысында көпірден құлаған әйел көз жұмды
ЖИ / azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға 22 мамыр күні Мақат ауданында болған.

Алдын ала бейресми мәлімет бойынша, 68 жастағы әйел түскі уақытта Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғайтын көпірден құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткенімен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Атырау облысының полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. 

Материал авторы