668

Ақтөбеде пакет ішінен жаңа туған сәби табылды (ВИДЕО)

Полиция нәрестені тастап кеткен әйелді анықтау жұмыстарын бастап кетті.

Ақтөбеде пакет ішінен жаңа туған сәби табылды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде пакет ішінен жаңа туған нәресте табылды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады.

Кадрларда белгісіз жерде жатқан пакеттің ішінен сәби табылғаны көрінеді. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, нәресте полиция қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазір сәби дәрігерлердің бақылауында жатыр.

«Жаңа туған бала медициналық мекемеде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы