Абай облысында 5 мердігер ұйым үйлерді сапасыз салған

06.05.2023, 17:27
591
Абай облысында 5 мердігер ұйым үйлерді сапасыз салған smartnews.kz

Абай облысында үйлерді сапасыз салған 5 мердігер ұйым жауапқа тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізген 5 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең өрескел бұзушылықтар Семей қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылыс нысандарында анықталды», - деді Абай облысының бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқазақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысы келіп түскен өтініштер негізінде көпқабатты тұрғын үйлердің 19 объектісінде жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін, оның 15-і жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқумен салынғанын айтты. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған материалдар құрылысқа қайта жаратылғаны анықталды.

«Талдау көрсеткендей, көп жағдайда құрылыс субъектілері салалық заңнаманы білмеуден, жобалау құжаттамасының сапасыз дайындалуынан, мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындауынан, техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылаудың әлсіздігінен осындай бұзушылықтарға жол береді. Бұл, сайып келгенде, құрылыстағы заңнама мен мемлекеттік нормативтердің бұзылуына әкеледі», - деді Азамат Байқазақов.

Биылғы жыл басталғалы Абай облысының бақылау басқармасы азаматтардан 397 өтініш қабылдап, қарады. Ведомство сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында жоспардан тыс 46 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 32 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 32 ұйғарым берілді.

Азамат Байзақов басқарма жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 23,6 млн теңгеге 68 әкімшілік іс қозғалғанын, оның ішінде 32 іс шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілгенін атап өтті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді