637

Жетісуда жоғалған баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды

Полиция бірнеше сағат іздеген баланың денесі таңға қарай өзеннен табылғанын мәлімдеді.

Жетісуда жоғалған баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды
instagram.com/zhetysu.police

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында бірнеше сағат бойы ізделген баланың денесі Қаратал өзенінен табылды.

26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында жүргізілген ауқымды іздеу жұмыстары кезінде Қаратал өзенінен бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Еске салайық, 25 мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған Данияр Айбек есімді баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Мәліметке сәйкес, бала сағат 19:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ оның даму ерекшелігі болғаны айтылған.

Материал авторы