1076

«Кім мықты екенін көреміз»: Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-MMA жұлдызымен жұдырықтасады

Алматыда өтетін IBA Nomad 15 турнирінде жанкүйерлер ең күткен жекпе-жектердің бірі ұйымдастырылмақ.

«Кім мықты екенін көреміз»: Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-MMA жұлдызымен жұдырықтасады
instagram.com/erkebulan_toktar

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық танымал файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар поп-MMA жұлдызы Артем Тарасовмен жекпе-жек өткізеді. Кездесу Алматыда өтетін IBA Nomad 15 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Турнир ұйымдастырушылары қос спортшының да жанкүйерлерге тартысты әрі шоуға толы айқас сыйлауға дайын екенін мәлімдеді.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жекпе-жек 4 шілдеде Алматыда өтеді.

Ал қарсыласы Артем Тарасов әлеуметтік желіде келісімшартқа қол қойып жатқан сәттің видеосын жариялады. Ол видеода Еркебұлан Тоқтарға үндеу жасап, «Кім мықты екенін рингте көреміз» деді.

Бұл айқас қазақстандық жанкүйерлер арасында қазірдің өзінде қызу талқыланып жатыр. Себебі Еркебұлан Тоқтар соңғы жылдары тек MMA әлемінде ғана емес, кино саласында да танылып үлгерген. Ал Артем Тарасов поп-MMA форматындағы арандатушы жекпе-жектерімен кең аудитория жинаған.

Материал авторы