Астаналықтың қонақ болып келген танысы үйден 1 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
Ломбардқа өткізілген алтын ұрлығының ізі қонақтан шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 43 жастағы әйел өз үйіне қонаққа шақырған танысынан алтын әшекей бұйымдарын ұрлатты. Жалпы шығын 1 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, қала тұрғынының үйінен алтын алқа, білезік және сырға ұрланғаны бойынша қылмыс ашылған. Күдікті ретінде жәбірленушінің танысы анықталған — ол бұған дейін оның үйінде қонақта болған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам үйден шыққан сәтте әшекей бұйымдарды жасырын түрде алып кеткен. Кейін ұрланған алтын заттарды ломбардқа өткізіп жіберген.
Полицейлер күдіктіні арыз түскеннен кейін келесі күні ұстап үлгерген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Материал авторы