Иерусалимде күтпеген жағдай: Нетаньяху ауруханаға түсті
Израильдің 76 жастағы премьерінің денсаулығына қатысты сұрақ көбейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иерусалимдегі медициналық орталыққа жатқызылды. Бұл туралы оның кеңсесі хабарлап, госпитализацияның себебі стоматологиялық еммен байланысты екенін мәлімдеді.
Ресми деректерге сәйкес, 76 жастағы премьердің ауруханаға түсуі оның денсаулық жағдайына қатысты қоғамда бұрыннан қалыптасқан назарды қайта күшейтті. Соңғы жылдары Нетаньяху бірнеше медициналық процедурадан өткені белгілі.
Бұған дейін оған жүрек қызметін қолдау үшін кардиостимулятор орнатылғаны, сондай-ақ грыжаға байланысты операция жасалғаны хабарланған. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңында простата безіне қатысты хирургиялық ем жүргізілгені де айтылған.
Кейбір деректерде оның онкологиялық диагнозға байланысты ем қабылдағаны жөнінде ақпарат тарағанымен, бұл туралы ресми органдар толық түсініктеме берген жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, премьердің денсаулығына қатысты жиі тарайтын ақпараттар Израиль саясаты төңірегінде қосымша қоғамдық пікір қалыптастырып отыр.
Материал авторы