Астанада бойжеткен Бейімбет Майлин ескерткішінің үстіне шығып кеткен
Тарихи тұлғаның ескерткішіне шыққан қыз жұрттың ашуын тудырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы Жазушылар аллеясында түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кадрларда бойжеткен қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің ескерткішіне мініп алғаны көрінеді. Оқиға туралы Astanovka98 Telegram-арнасы хабарлады.
Желіге тараған видеода қыз ескерткіштің жоғарғы бөлігіне шығып, мүсіннің иығына отырғандай әрекет жасаған. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Көпшілік мұндай әрекетті тарихи тұлғаға және мәдени мұраға жасалған құрметсіздік деп бағалады. Пікір жазған қазақстандықтар оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтап, жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.
Бейімбет Майлин — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол жазушы, ақын, драматург әрі қоғам қайраткері ретінде танылған. Оның ескерткіші елордадағы Жазушылар аллеясында орналасқан.
Материал авторы