762

Астанада бетон араластырғыш велосипед мінген оқушыны қағып өлтірді

5-сынып оқушысы жүк көлігінің астында қаза тапты.

Астанада бетон араластырғыш велосипед мінген оқушыны қағып өлтірді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен мектеп оқушысы қаза тапты.

Қайғылы жол апаты Байқоңыр ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне оңға бұрылған сәтте велосипед мінген баланы қағып кеткен.

Оқиға орнында бала көз жұмды. Марқұмның №27 мектептің 5-сынып оқушысы болғаны айтылып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, оқушы ірі жүк көлігінің «соқыр аймағында» қалып қойған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертіп, әсіресе мектеп маңында, аула ішінде, жаяу жүргінші өткелдерінде және бұрылыстарда барынша мұқият болуға шақырды.  

Материал авторы