Путин Қазақстанға әкелінген жолбарыстар туралы мәлімдеме жасады
Ресейден амур жолбарыстары не үшін жіберілгені белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы экологиялық ынтымақтастық туралы айтты. Ресей президенті Қазақстанға амур жолбарыстарының жеткізілгенін мәлімдеді.
Путиннің сөзінше, Ресей мен Қазақстан сирек кездесетін жануарларды сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау бағытындағы жұмысты күшейтіп жатыр.
Оның айтуынша, Қазақстан тарапы амур жолбарысының популяциясын қалпына келтіруге көмек сұрағаннан кейін екі елдің бейінді ведомстволары бір жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізген.
«Хабаров өлкесінде екі ересек жолбарыс пен екі марғау ұсталып, олардың денсаулығы, соның ішінде көбею қабілеті тексерілді. Кейін олар “Аэрофлот” рейсімен Қазақстанға жеткізілді», – деді Ресей президенті.
Қазіргі уақытта ресейлік және қазақстандық ғалымдар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жануарларды бейімдеу және жерсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Путиннің айтуынша, жақын уақытта жолбарыстар жабайы табиғатқа жіберіледі.
Сондай-ақ мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы қарым-қатынас туралы да пікір айтылған.
Материал авторы