588

Арқалықта мектептің шатыры өртеніп кетті

Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін үш минутта жеткен.

Арқалықта мектептің шатыры өртеніп кетті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысының Арқалық қаласында №5 орта мектептің шатыры өртенді.

Төтенше жағдай 26 мамыр күні болған. ТЖМ мәліметінше, өрт туралы хабар түскеннен кейін алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына небәрі үш минутта жеткен.

Құтқарушылар келген кезде төрт қабатты мектеп ғимаратының шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 1100 шаршы метрді құраған.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы да жұмыс істеді.

Су үздіксіз берілуі үшін өрт сөндірушілер мектептен шамамен 300 метр қашықтықтағы екі өрт гидрантын пайдаланған.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Кешкі сағат 22:45-те өрт оқшауланғаны хабарланды.

Материал авторы