Атырау облысында әкімнің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Қызметтік көлік аударылып, шенеунік мерт болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында жол апатынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты.
Қайғылы оқиға 27 мамыр күні таңертең болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметтік көлік тас жолда аударылып кеткен. Көлікте Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали мен жүргізуші болған.
Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші аман қалған.
Марқұмның қазасын облыс әкімдігі растады.
«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтамыз», – деп мәлімдеді әкімдік.
Белгілі болғандай, Ерболат Иғали 45 жаста болған. Келесі айда 46 жасқа толуы тиіс еді. Артында бес баласы қалды.
Ол еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылдың қаңтарынан бері Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Материал авторы