Қарағандыда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасымен өтініш қабылданып жатыр

06.05.2023, 20:22
659
Қарағандыда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасымен өтініш қабылданып жатыр smartnews.kz

Қарағанды облысының әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын қолға алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми, әлеуметтік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша үміткер жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт.

«Екінші жыл қатарынан Қарағанды облысының әкімдігі «Отбасы банкімен» бірге жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын іске асырып келеді. Облыс әкімдігі осылайша жас мамандарға қолдау көрсетуді жөн көрген. Былтыр жобаны жүзеге асыруға жергілікті әкімдік 1 млрд теңге, ал «Отбасы банк» 500 млн теңге бөлген болатын. Аталмыш бағдарлама көмегімен 100-ге жуық адам баспаналы болды. Биыл да қаржыландыру сол тәртіппен жүзеге асады, жаңа қоныс иелерін асыға күтеміз», - дейді «Отбасы банк» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Бауыржан Жуаспай.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер мамыр айының 2-12 аралығында жалғасады. Үміткерлер қалалық әкімдікке барулары қажет. Жұмыс уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі асқа үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, мемлекеттік және қоғамдық өкілдер мен депутаттардан құралған комиссия мүшелері қатысушыларды іріктеп, тізімді «Отбасы банкіне» жолдайды. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан бірінші немесе екінші нарықтағы нысандардан таңдап алуға болады.

Тұрғын үй сатып алуға «Отбасы банк» 20 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 10%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді