342

Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлап, оқушы ауруханаға түсті

Полиция футбол алаңын салу мен күтіп ұстауға кім жауапты болғанын анықтап жатыр.

Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлап, оқушы ауруханаға түсті
instagram.com/aktobe_zello

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде көпқабатты үй ауласындағы футбол алаңында металл қақпа баланың үстіне құлап, оқушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға қаланың 12-ықшамауданындағы ойын алаңында болған. Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бала бесінші сыныпта оқиды. Жасы шамамен 10-да. Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін бала жедел жәрдем көлігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиға 12-ықшамаудандағы №45 үйдің маңында болған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, футбол алаңындағы металл қақпа тиісті талапқа сай бекітілмеген.

Жарияланған кадрларда аулада көп баланың жүргені көрінеді. Тұрғындар бұл алаңның балалар арасында өте танымал екенін жазып жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тіркелген.

«Футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсетуге қатысты мән-жайлар Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Материал авторы