8500 мАсағ батареясы бар HUAWEI nova 15 Max Қазақстанда ресми түрде сатылымға шықты
HUAWEI компаниясы Қазақстанда жаңа HUAWEI nova 15 Max смартфонының сатылымы басталғанын хабарлады. Қуаты 8500 мАсағ батареямен, үлкен OLED-дисплеймен және RYYB технологиясындағы камерамен жабдықталған жаңа құрылғы автономдылықты, контентті ыңғайлы тұтынуды және күнделікті өмірде смартфонның заманауи мүмкіндіктерін жоғары бағалайтын пайдаланушыларға арналған.
