1147

«Инсульт болды ма?»: Трамп Байденді тағы мазақ етті

Дональд Трамп бұрынғы қарсыласын тағы да көпшілік алдында келемеждеді.

«Инсульт болды ма?»: Трамп Байденді тағы мазақ етті
Al Drago/Bloomberg via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байден туралы тағы да мысқылдап пікір білдірді. Бұл жолы ол экс-бірінші ханым Джилл Байден берген сұхбатқа реакция жасады.

27 мамыр күні Джилл Байден CBS News арнасына берген сұхбатында 2024 жылғы президенттік дебат кезінде жұбайының жағдайына қатты алаңдағанын айтқан. Оның сөзінше, сол сәтте Джо Байденнің жағдайы инсультке ұқсап кеткен.

«Мен қатты қорықтым. Джоны бұрын-соңды да, кейін де ондай күйде көрген емеспін», – деді ол.

Ал 29 мамырда Дональд Трамп өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында бұл мәлімдемеге жауап беріп, Байденді кезекті рет әжуалады.

«Джилл Байден ақыры «ұйқылы Джомен» не болғанын түсінбегенін мойындады. Біздің жоғары бағаланған дебатымыз кезінде Джо өзін ең жақсы қырынан көрсете алмады», – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Джилл Байденнің күйеуіне көмектесу үшін сахнаға жүгіріп шықпағанын да сынады.

«Ол Джо инсульт алған болуы мүмкін деді. Бірақ еш көмектеспеді. Кез келген жақсы әйел дәл сол сәтте сахнаға жүгіріп шығар еді», – деді Трамп.

Бұдан бөлек, ол дебаттағы өзінің өнерін ерекше атап өтіп, Байденнің «күйреуіне» өзінің мықты перформансы себеп болуы мүмкін екенін меңзеді.

«Көп адам менің мықты нәтижемнен кейін ол психологиялық тұрғыда сынып қалды ма деп сұрайды. Әлде басқа себеп болды ма? Бұл сұрақтың жауабын ешкім білмейді. Бірақ мен білемін», – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Материал авторы