Қазақстандық 12 оқушы Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды

07.05.2023, 17:23
536
Қазақстандық 12 оқушы Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды nstagram.com/oqu_agartu_ministrligi

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Күміс медаль иегерлері - Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Әлихан Смет және Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы Инсар Имаш.

Қола жүлдегерлер тізімі мынадай:

Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек - мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Әліби Мұғалім - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр - Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен астаналық Әлихан Смет марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орнынан 17 грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.

Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО) Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды «Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті