487

Instagram арқылы 154 адамды алдаған қызылордалық сотталды

Жалған парақша ашып, 12 млн теңге жинаған алаяққа үкім шықты.

Instagram арқылы 154 адамды алдаған қызылордалық сотталды
shutterstock.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасап, ондаған азаматты сан соқтырғаны үшін сотталды. Ол интернетті пайдаланып жасалған алаяқтық қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Бас прокуратураның мәліметінше, 32 жастағы ер адамға қатысты үкім 2026 жылғы 6 наурызда шығарылған.

Тергеу барысында оның 2024 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге Instagram желісінде «Dake.87089241173» атауымен жалған парақша ашқаны анықталған.

Күдікті бөгде адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарға салған қаражатын үстеме пайдамен қайтарып беремін деп уәде еткен. Осылайша ол тұрғындардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген.

Нәтижесінде еліміздің әр өңірінен 154 адам алаяқтардың құрбаны болған. Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 12 миллион теңгені құраған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтелгені ескеріліп, оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотталған азамат тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда жазасын өтеп жатыр.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Материал авторы