«Ұлты қазақ емес»: танымал актер Асылбек Боранбаев өзіне бес бала сыйлағаны әйелі туралы айтты

07.05.2023, 19:34
3486
«Ұлты қазақ емес»: танымал актер Асылбек Боранбаев өзіне бес бала сыйлағаны әйелі туралы айтты Хабар арнасы

Халыққа "Тамаша" ойын-сауық орталығы арқылып танылып, кейін театр және кинодағы рөлдерімен белгілі болған Асылбек Боранбаев "Алғашқы" жобасында қонақ болды. Ол өзінің отбасылық өміріне қатысты құпияларды айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Бір көрген кезде, шынын айту керек, жүрегімде жылы сезім пайда болды. Жұбайыммен ең алғашқы танысқанымыз, бір-бірімізге деген түсінушілігіміз, сүйіспеншілігіміз әлі жүрегімде. Шынын айту керек, жұбайымды әлі күнге дейін 18 жастағы қыз сияқты алақанда аялап, қадірлеп, құрметтеймін.

Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Өйткені менің мінезіме, менің жұмысыма және әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар. Ұлты қазақ емес, ұлты - ұйғыр. Шешесі - қазақ. Отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Әйелім қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген", - дейді Асылбек Боранбаев.

Сондай-ақ актер балаларына оғаш мінезін көрсетпейтінін айтты.

"Құдай сақтасын, балаларыма бір оғаш мінезімді, қисық жүрісімді көрсетпеуге тырысамын. Қыздарыммен сырласамын, керек болса, олар анасына айтпаған сырларын менімен бөліседі. Еркелетемін, арасында ұрсып та аламын. Шапалақпен сарт еткізуім де мүмкін. Ондай-ондай болады", - дейді актер. Асылбек Боранбаев аралас некеге де қарсы еместігін жеткізді. "Қандай ұлт өкілі болса да, мұсылманның қызын алып, мұсылманның жігітіне шығып жатса... Айтарлықтай қарсылығым жоқ. Дей тұрғанмен, өзіміздің қазақтан алса...", - дейді Асылбек Боранбаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды