711

30 жыл бұрын зорлық көрген әйел америкалықтар асырап алған қызын іздеп жүр

30 жыл бұрын өзін ауылдастары зорлағанын айтқан әйел енді өз перзентін іздеуге кірісті.

30 жыл бұрын зорлық көрген әйел америкалықтар асырап алған қызын іздеп жүр
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық әйел зорлық-зомбылық салдарынан дүниеге келген, кейін АҚШ азаматтары асырап алған қызын 30 жылдан бері іздеп жүр. Наташаның айтуынша, оның басты мақсаты – баласының амандығына көз жеткізу.

Бұл оқиға Батыс Қазақстан облысындағы ауылда болған жағдайға қатысты. 1994 жылдың қарашасында 17 жастағы Наташа Қалмбетова сыныптастарымен үй кешінде болған. Үйіне қайтып бара жатқан сәтінде оны төрт жігіт күштеп ұстап алып, соққыға жыққан. Кейін қыз есін Жайық өзенінің жағасында жиып, онда түні бойы зорлық-зомбылық пен соққыға тап болғанын айтады.

Осы оқиғадан кейін біраз уақыт өткен соң, ол жүкті екенін білген. Анасы болған жағдайды ешкімге айтпауын талап еткен. Кейін Наташа Орал қаласына көшіп, педколледжге оқуға түскен. 1995 жылдың 30 желтоқсанында ол қыз босанып, есімін Анжелика деп қойған.

Жүктілік кезеңін ол ауыр психологиялық күйде өткергенін айтады.

Кейін әйел балаға ресми түрде бас тарту құжатына қол қойған. Алайда перзентханада сәбиіне деген аналық сезімі оянғанымен, шешімін өзгерту мүмкін болмаған.

Ол сол уақытта жатақханада тұрған, әлеуметтік қолдауы болмаған. Қызды уақытша бауырлары алып қалуға келіспеген. Біраз уақыт баланы балалар үйіне барып көріп жүргенімен, кейін сәби шетелдік азаматтар тарапынан асырап алынып кеткен.

30 жылдан астам уақыт өткен соң Наташа қызын іздеуді қайта қолға алды. Оның айтуынша, қазір қыздың АҚШ-та тұруы мүмкін екені белгілі болған. Есімі – Анджелика Николь Боуг.

Наташа үшін бастысы – баласының тірі әрі аман екенін білу. Сонымен қатар ол зорлық-зомбылық дерегі бойынша да құқық қорғау органдарына жүгінген.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл деректер досудебное тергеу аясында тексеріліп жатқанын хабарлады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор