Алматыда 65 жастағы пациентке жүректің жасанды қарыншасы салынды

07.05.2023, 20:41
702
Алматыда 65 жастағы пациентке жүректің жасанды қарыншасы салынды smartnews.kz

Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 65 жастағы пациентке LVAD - сол жақ қарыншаның механикалық қосалқы құрылғысы имплантацияланды. Бұл - институт қабырғасында жасалған екінші операция, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан келген 65 жастағы Христофор Ксандопуло 2017 жылдан бері ауырады.

Ол ишемиялық дилатациялық кардиомиопатиядан зардап шекті, сол жақ қарыншаның шығарылым фракциясы өте төмен болды - небәрі 20%, миокард инфарктісін алған, алдыңғы төмендейтін артерияны стенттеу бойынша операция жасалды, сондай-ақ кенеттен жүрек өлімінің алдын алу үшін кардиовертер-дефибриллятор имплантталды.

photo
Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы мәселесі бойынша бірнеше рет терапиядан өткен.
ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, Астана ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Махаббат Бекбосынованың және орталықтың жетекші мамандарының қатысуымен өткен консилиумда пациентке LVAD имплантациясын жасау ұсынылған.
photo
«Осы жылдың сәуір айында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшылығымен болған кездесу барысында біз халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін өзара тәжірибе, инновациялар және технологиялармен алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз деп келіскен едік. Біздің дәрігерлермен бірге осы күрделі операцияны жасаған Астана қаласының ҰҒКО әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Операция әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан азаматтары үшін тегін», - деп атап өтті Марат Пашимов.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рустем Тулеутаев атап өткендей, науқас операция үстеліне жатқанға дейін үш рет жансақтау бөлімінде жатты.

Бұған дейін ол бірнеше рет ауруханаларда ем қабылдағанымен, емінен нәтиже болмады.

«Бұған дейін мұндай диагнозы бар науқастар резервтік мүмкіндігінше өмір сүретін, енді бұл адамдардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар, мұндай аппараттар әлемде жиі орнатылып жатыр. Дегенмен, операция құны қымбат болғандықтан мұндай оталарды кез келген елдің қалтасы көтере бермейді», - деп түйіндеді дәрігер.

photo
Имплантациядан кейін жалпы ағзаның жағдайы жақсарады, жүрек жеткіліксіздігінің белгілері кері қайтады.

Науқастың қазір жағдайы жақсы, өзін жақсы сезінеді, ісігі басылды, ентігу жоқ, ұйықтайтын болды, орнынан тұрып, жүріп жүр. Алдағы аптада үйіне шығады.

Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті