Сарапшылар күмәндануда: SpaceX акцияларының бағасы рекорд жаңартуы мүмкін
Компания бір акцияның бағасын 135 долларға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, SpaceX акциялары тарихи ең жоғары бағаға жетуі мүмкін. Reuters агенттігінің мәліметінше, Илон Маск негізін қалаған компания бір акцияның құнын 135 доллар деңгейінде белгілеуге дайындалып жатыр.
Жоспар бойынша нарыққа 555,6 миллион акция шығарылады. Соның нәтижесінде компания шамамен 75 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Тартылған қаражаттың едәуір бөлігі Starlink жобасын дамытуға және жасанды интеллект саласындағы бастамаларды қаржыландыруға жұмсалмақ.
Алайда сарапшылардың бәрі бірдей бұл жоспарға оң баға бермейді. Morningstar талдау компаниясының мамандары SpaceX-тің нарықтық құнын әлдеқайда төмен бағалап отыр. Олардың есебінше, компанияның құны шамамен 780 миллиард долларды құрайды.
Талдаушылардың пікірінше, SpaceX-тің бүгінгі негізгі табыс көзі – Starlink спутниктік интернет қызметі. Ал Марсты игеру бағдарламалары мен жасанды интеллект инфрақұрылымына қатысты жобалар әзірге болашаққа бағытталған ұзақмерзімді инвестиция ретінде қарастырылады.
Соған қарамастан, акциялардың ықтимал рекордтық бағасы инвесторлардың SpaceX пен оның технологиялық жобаларына деген жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте көрсетіп отыр.
Материал авторы