1016

Еркебұлан Тоқтар: «Головкин менімен суретке түскісі келмеді»

ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар Головкинмен болған оқиғаны ашып айтты.

Еркебұлан Тоқтар: «Головкин менімен суретке түскісі келмеді»
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен болған қызық оқиғаны еске алды.

Спортшы бұл туралы журналист Әмір Тәжібаевтың YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Еркебұлан Тоқтардың сөзінше, бұл кездесу АҚШ-тың Майами қаласында болған. Әңгіме барысында жүргізуші оның Головкинге деген көзқарасы мен болашақта бірлесіп жұмыс істеу ықтималдығы туралы сұраған.

Сол кезде спортшы әйгілі боксшымен суретке түспек болғанын, алайда өтініші қабылданбағанын айтты.

«Мен онымен суретке түскім келді. Ол болса: "Әй, қаламаймын" деді. Бірақ мен ренжіген жоқпын. Ол сондай адам. Тіпті мені қуып жіберсе де, мен оған ештеңе айта алмаймын», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Спортшы бұл жағдайға түсіністікпен қарағанын жеткізіп, Головкинге деген құрметі өзгермегенін аңғартты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор