1325

«Диктатор»: Жанкүйерлер Килиан Мбаппеге жаңа лақап ат ойлап тапты

Макронның сапарынан кейін Мбаппенің жаңа лақап аты әзіл ретінде басталып, кең талқылауға ұласты.

«Диктатор»: Жанкүйерлер Килиан Мбаппеге жаңа лақап ат ойлап тапты
GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер оның қатысуымен түсірілген видеодан кейін футболшыға «Диктатор» деген жаңа лақап ат бере бастады.

Жуырда Франция президенті Эмманюэль Макрон ұлттық құраманың Клерфонтендегі жаттығу базасына барған. Француз футболшылары бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты турниріне аттанады.

Мемлекет басшысының сапары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, әсіресе құраманың күнделікті өмірінен түсірілген бейнежазбалар жанкүйерлердің назарын аударған.

Сол видеолардың бірінде Мбаппенің команда қызметкерлерімен амандасып, қол алысып жүрген сәті көрсетілген. Алайда көпшіліктің назарын оның қол алысуы емес, өзін ұстау мәнері мен қимыл-қозғалысы аударған.

Әлеуметтік желі қолданушылары әзіл-шыны аралас пікірлер қалдырып, футболшының жүріс-тұрысын жоғары лауазымды басшыларға ұқсатып, оны «Диктатор» деп атай бастаған.

Айта кетейік, Килиан Мбаппенің бұған дейін де бірнеше танымал лақап аты болған. Олардың қатарында «Донателло» (кейпінің «Ниндзя тасбақалардағы» кейіпкерге ұқсастығына байланысты), «Кики» (оны осылай Антуан Гризманн атайды) және жоғары жылдамдығына байланысты «37» деген атаулар бар.

Франция құрамасы қазір әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Ал Мбаппенің жаңа лақап аты әзірге ресми емес болғанымен, әлеуметтік желілерде кең таралып үлгерді.

Материал авторы