Медеудегі отпен күрес кезінде өрт сөндіруші мерт болды – ТЖМ

08.05.2023, 14:08
791
Медеудегі отпен күрес кезінде өрт сөндіруші мерт болды – ТЖМ t.me/qr_tjm

Алматы қаласында Медеуде тұтанған отпен күрес кезінде өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков мерт болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«8 мамыр күні қызметтік борышын атқару кезінде, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы тау бөктерінде өрт сөндіруге жұмылдырылған топ құрамында болған Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкері, 7-інші өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіру-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы жанып жатқан ағаш діңінің құлауынан алған жарақаттан көз жұмды», - делінген ұсынылған мәліметте.

Өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков Алматы облысында 1994 жылы 23 тамызда туған. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдың 14 желтоқсанынан еңбек етіп келді.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туғаны мен жақынына қайғыра көңіл айтады. Оны кәсіби маман ретінде әрдайым еске алатын болады.

Арслан жауапты қызметкер, жоғары кәсіби және сауатты маман болды. Ұжымы оны ынта-жігері, адалдығы және мамандығына деген махаббаты үшін бағалады.

ТЖМ қаза болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететін болады», - делінген министрлік мәліметінде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды