571

Елімізде доллар қаншадан сатылып жатыр?

Айырбастау орындарындағы жаңа бағамдар белгілі болды.

Елімізде доллар қаншадан сатылып жатыр?
Africa images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 маусымдағы мәлімет бойынша, еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасты.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 484,07 теңге болса, сату бағасы 490,84 теңгені құрады. Еуро 561,09 теңгеден сатып алынып, 571,04 теңгеден сатылуда. Ал рубльдің бағамы сатып алу кезінде 6,30 теңге, сату кезінде 6,60 теңге деңгейінде қалыптасты.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 487,31 теңгеден сатып алынып, 489,61 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 561,19 теңге, сату бағасы – 566,59 теңге. Рубль 6,41–6,53 теңге аралығында саудалануда.

Шымкентте доллардың сатып алу бағамы 487,14 теңге болса, сату бағасы 489,19 теңгені құрады. Еуро 560,06 теңгеден сатып алынып, 567,33 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,42–6,49 теңге аралығында өзгеріп тұр.

Ұлттық банктің 8 маусымға бекіткен ресми бағамына сәйкес, бір АҚШ доллары – 487,44 теңге, бір еуро – 567,38 теңге, ал бір ресейлік рубль 6,62 теңге деңгейінде белгіленді.

Материал авторы