1018

Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр – ҰҚК

Бейресми деректерде іс материалдарында 40 миллион теңге және тағы бір күдікті туралы айтылған.

Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр – ҰҚК
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы NUR.KZ жазды. 

Бұған дейін «Ақ Жайық» басылымы бейресми дереккөздерге сілтеме жасап, шенеунікке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Басылым мәліметінше, істі ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қарап жатыр.

Сондай-ақ жарияланған ақпаратта қылмыстық іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат пен екінші күдікті туралы деректер бар екені айтылған. Бұдан бөлек, Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаннан кейін процестік келісім жасауға ниет білдіріп, кейіннен одан бас тартқаны жөнінде мәлімет тараған.

NUR.KZ редакциясының ресми сауалына жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, Мейіржан Мұқасов Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылдың қаңтарында тағайындалған. Оған дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Материал авторы