686

Канадада орман өрті өршіп, мыңдаған адам эвакуацияланды

Канада елінің Альберта провинциясында орман өрті өршіп тұр. Жалын 120 гектардан астам аумақта орман мен ондаған үйді шарпыған. Бұл туралы smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Канадада орман өрті өршіп, мыңдаған адам эвакуацияланды
smartnews.kz

 

Альберта провинциясының 30 мыңға жуық тұрғыны орман өрті кесірінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, мұнда 110-нан астам өрт ошағы анықталды. Олардың үштен бірі әлі бақылауға алынбаған. Мыңдаған гектар егіндік жер өртке оранды.

От бірнеше күн бұрын тұтанған. Орманның 122 га аумағын шарпыды. 6 мамырда провинцияда төтенше жағдай жарияланды.

Провинция премьер-министрі Дэниель Смит зардап шеккен кейбір аудандарды аралап, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Смит төтенше жағдайлар қызметі бұл өрттерді тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп сендірді.