1679

Шавкат Рахмонов бұрынғы әйелімен татуласқаны рас па? Гүлайым Рахмонова жауап берді

Желі қолданушыларының болжамына спортшының жұбайы тікелей жауап берді.

Шавкат Рахмонов бұрынғы әйелімен татуласқаны рас па? Гүлайым Рахмонова жауап берді
instagram.com/kerey_khan03

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде тараған татуласу және ажырасудан бас тарту туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Гүлайым Рахмонованың айтуынша, қазіргі уақытта ажырасу рәсімі әлі аяқталған жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптылар қайта жарасып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдады деген ақпарат тараған еді. Алайда ол бұл болжамдарды Instagram парақшасында жоққа шығарды.

«Егер осы видеоны мұқият тыңдасаңыздар, ажырасу процесі әлі аяқталмағанын түсінесіздер. Ал кейбір адамдар «татуласты ма, жоқ па?» деп алаңдап жүр. Уайымдамаңыздар. Процесс толық аяқталған кезде бұл туралы міндетті түрде өзім хабарлаймын», – деді ол.

Еске салсақ, өткен жылы Гүлайым Рахмонова адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша сот алдына келген болатын. Сот оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, үкімнің орындалуын бес жылға кейінге қалдырған.

Осы оқиғадан кейін Гүлайым Рахмонова бес бала тәрбиеленіп жатқан отбасынан Шавкат Рахмоновтың кеткенін айтып, ажырасуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор