872

Астана саябағында интим мүшесін көрсетіп отырған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Полиция хабарлама түскен бойда күдіктіні ұстап, жауапкершілікке тартты.

Астана саябағында интим мүшесін көрсетіп отырған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция дерегінше, тұрғын саябақтардың бірінде тәртіп бұзған. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарына 102 арнасы арқылы қаладағы саябақтардың бірінде ер адамның айналасындағыларға әдепсіз әрекет көрсеткені туралы ақпарат түскен.

Хабарлама алған полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу барып, 40 жастағы ер адамды ұстаған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатынын және заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Құқық қорғау органдары тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор