Qaitadan фильмі Орталық Азиядағы үздік туынды атанды
Бір жыл ішінде миллиард теңгеден астам табыс тапқан фильм халықаралық фестивальде де жоғары бағаланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Qaitadan фильмі Бішкекте өткен IV Халықаралық кинофестивальде Орталық Азия елдері арасындағы үздік фильм деп танылды. Туынды байқаудың басты жүлдесі – Гран-при иеленді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеді.
Халықаралық кинофестивальге Орталық Азия елдерінен режиссерлер, актерлер мен продюсерлер қатысты. Байқау бағдарламасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан кинолары ұсынылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік фильм» номинациясындағы басты марапат қазақстандық Qaitadan картинасына бұйырды.
Фильм соңғы жылдардағы отандық кинематографияның ең елеулі жобаларының біріне айналды. 2025 жылы Qaitadan прокатқа шыққаннан кейін бір айға жетпейтін уақытта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, қазақстандық кино нарығында көш бастады.
Бұған дейін картина STEPPE AWARDS сыйлығында да жеңіске жетіп, «Кинематография» номинациясында үздік деп танылған болатын.
Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Сонымен қатар фильм 2023 жылы өткен ұлттық питчинг байқауында жеңіп, өндіріс жұмыстарына қолдау алған.
Qaitadan фильмі режиссер Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды жұмысы саналады. Картина қазақстандық кино тарихында апат жанрындағы алғашқы отандық толықметражды фильмдердің бірі ретінде аталды.
Материал авторы