Түркияның ең танымал актрисасы есірткі мен жезөкшелік ісіне күдікті ретінде ұсталды
Ыстамбұлдағы арнайы рейд барысында танымал актриса Берен Саат та тексеруге алынғандардың қатарынан табылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түркиялық танымал актриса Берен Саат есірткі мен жезөкшелікке қатысты тергеу аясында ұсталғандардың қатарынан табылды. Бұл туралы Milliyet басылымы жазды.
«Керемет ғасыр. Көсем сұлтан» телехикаясындағы Көсем сұлтан рөлі арқылы танылған актриса Ыстамбұлда өткен есірткіге қарсы арнайы операция кезінде ұсталған 20-дан астам адамның қатарында болған.
Операция барысында 1999 жылы «Түркия аруы» атанған Айше Хатун Онал да ұсталғаны хабарланды.
Ұсталғандардың барлығы алдымен медициналық тексеруден өтіп, кейін түсініктеме беру үшін есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөліміне жеткізілген.
Құқық қорғау органдары әзірге әр адамға нақты қандай айып тағылғанын хабарлаған жоқ. Сондай-ақ олардың күдікті ретінде тіркелгені немесе куәгер ретінде өтіп жатқаны белгісіз.
Түркияда мұндай рейдтер 2025 жылдың қазан айынан бері жүргізіліп келеді. Жандармерия өкілдері бұл операциялар барысында актерлерді, музыканттарды және танымал кәсіпкерлерді де тексерген.
Бұған дейін есірткі қолданды деген күдікпен бірқатар белгілі тұлғалардың аты аталған. Олардың арасында кәсіпкерлер Хакан мен Керим Сабанджи, «Галатасарай» футбол клубының бұрынғы президенті Бурак Эльмас және «Есігімді қақ» сериалының жұлдызы Ханде Эрчел де болған.
Ыстамбұл прокуратурасының сәуір айындағы мәліметінше, тексеруден өткен танымал адамдардың 77 пайызында сынама нәтижелері оң көрсеткіш берген.
Материал авторы