526

Ақтөбеліктерге 700 мың теңгелік жұмыс ұсынған ер адам алаяқ болып шықты

Жұмысқа орналастырамын деп алдаған ақтөбелік миллиондарды букмекерге тіккен.

Ақтөбеліктерге 700 мың теңгелік жұмыс ұсынған ер адам алаяқ болып шықты
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде ер адам жұмыс іздеп жүрген азаматтарға жоғары жалақысы бар қызмет ұсынамын деп алдап, олардың ақшасын иемденген. Ал алған қаражатын букмекерлік кеңседегі ставкаларға жұмсаған. Бұл туралы «Диапазон»басылымы жазды.

31 жастағы ақтөбелік бірнеше жұмыссыз азаматқа шахтаға орналастыра алатынын айтып, ай сайын 500-700 мың теңге көлемінде жалақы алуға мүмкіндік бар екенін жеткізген.

Оған сенген адамдар шамамен 3 миллион теңге ақша берген. Кейбірі қажетті соманы алу үшін несие рәсімдеген. Алайда ер адам уәдесін орындамай, жұмысқа орналастырмаған.

Кейін оның алаяқтықпен қатар құмар ойындарға әуес болғаны анықталған. Жұмыссыздардан алған ақшасын ол букмекерлік кеңседегі бәс тігуге жұмсаған.

Ер адам тек жұмыс іздеген азаматтарды ғана емес, шаруаларды да алдаған. Мәселен, бір фермерден 3,9 миллион теңгеге бағаланған 8 жылқыны сатуға алған. Алайда жылқылардың бірнешеуін сатып жібергенімен, иесіне ақшасын қайтармаған. Себебі түскен қаражатты да ставкаларға ұттырып жіберген.

Қылмыстық іс материалдарында алаяқтық бойынша барлығы 7 эпизод тіркелген.

Айыпталушы соттан өзін қамауға алмауды сұраған. Ол жұмыс істейтінін және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге мүмкіндігі бар екенін айтқан. 

Материал авторы