1115

Ұлыбритания алғаш рет Ресейдің «көлеңкелі флотына» қатысы бар танкерді ұстады

Ұсталған кеме Батыс елдері санкцияларды айналып өту үшін қолданылған болуы мүмкін.

Ұлыбритания алғаш рет Ресейдің «көлеңкелі флотына» қатысы бар танкерді ұстады
theins.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания әскери күштері Ла-Манш бұғазында Ресейдің «көлеңкелі флотына» қатысы бар деп саналатын мұнай танкерін тоқтатты.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің айтуынша, операцияны британ әскері жүргізген. Үкімет басшысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Стармердің сөзінше, кемені ұстау туралы бұйрық таңертең ерте берілген.

«Мен Қарулы күштерге Ла-Манш арқылы өтуге әрекет жасаған «көлеңкелі флоттың» мұнай танкерін тоқтатуды тапсырдым», – деп жазды Ұлыбритания премьер-министрі.

Ол операцияның сәтті өткенін айтып, бұл әрекетті Ресейге жасалған кезекті қысым шарасы деп бағалады. Сонымен қатар Стармер операцияға қатысқан әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыс білдірді.

Батыс елдері «көлеңкелі флот» деген атауды Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін және ресейлік мұнай тасымалдайтын кемелерге қатысты қолданады.

Материал авторы