Тоқаев Си Цзиньпинді туған күнімен құттықтады
Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікке баға берілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Си Цзиньпин 1953 жылы 15 маусымда дүниеге келген.
Құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысының Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік мызғымас достық, тату көршілік және өзара қолдау қағидаттарына негізделгенін айтты.
Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан-Қытай байланыстарының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастық одан әрі дамып, жаңа бағыттарды қамти түсетініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Си Цзиньпинге мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Қытай халқына бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу тіледі.
Материал авторы