Чикагода із-түссіз кеткен қазақстандықты іздеуге дипломаттар араласты
Қазақстан америкалық органдармен бірлесіп жоғалған азаматтың жағдайын анықтап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында жоғалып кеткен қазақстандық азаматқа қатысты жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Қазір дипломаттар америкалық құзырлы органдармен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды.
Министрлік мәліметінше, Чикаго қаласында Қазақстан азаматы А. Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпарат белгілі болған.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы хабардар. Нью-Йорктегі Бас консулдық азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста», – деп хабарлады ведомство.
Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тағы тиісті органдармен бірлесіп, жоғалған азаматты іздеу және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Сыртқы істер министрлігі бұл жағдай бақылауда екенін атап өтті.
Материал авторы