Енді ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ға дейінгі мөлшері әкімдікке тиісілі болмақ

09.05.2023, 17:38
837
Енді ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ға дейінгі мөлшері әкімдікке тиісілі болмақ smartnews.kz

Елорда әкімдігі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен арадағы ақылы тұрақ туралы шарттың талаптарын қайта қарау жоспары туралы мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Белгілі болғандай, енді серіктестік табысының 25%-ға дейінгі сомасын қалалық бюджетке бағытталмақ.

«Орта есеппен табыстың 25%-на дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте айыппұлдардың барлық сомасы қала бюджетіне түсетінін атап өтеміз», - деп жауап берді әкімдіктен тілші сауалына орай.

Құзырлы орган дерегінше, мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу мемлекеттік әріптеске – 5%, жеке серіктеске – 95% мөлшерінде белгіленген.

Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен арадағы әлеуметтік-жеке меншік әріптестік келісімшарт қайта қаралатынын айтқан болатын.

«Бір сөзбен айтқанда ақылы тұрақтардың жұмыс форматы қайта қаралды. Нақтырақ айтсақ, орналасатын орындары, жұмыс істейтін уақыттары, тарифі қайта қаралады. Бүгінгі кездесуде кәсіпкерлердің ақылы тұрақтардың жұмысына байланысты жаңа ұсыныстар айтты. Оның бәрі ескеріледі», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді