Ақ үй маңындағы UFC рекорд жаңартты
Турнир АҚШ-тың тәуелсіздігіне орай Ақ үй маңында арнайы аренада ұйымдастырылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақ үй маңында өткен UFC Freedom 250 турнирі аралас жекпе-жек тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижемен аяқталды. Барлық жекпе-жек нокаутпен бітті — бұл ұйым тарихындағы алғашқы жағдай.
Турнир АҚШ-тың 250 жылдық тәуелсіздігіне және ел президенті Дональд Трамптың 80 жас мерейтойына арналды. Ол арнайы уақытша аренада ұйымдастырылып, Трамптың өзі де оқиғаны тікелей тамашалады.
Кардқа әдеттегі 12–13 жекпе-жектің орнына тек 7 айқас енгізілді. Ұйымдастыру форматы да ерекше болды.
Ең басты ерекшелік — барлық жекпе-жектің нокаутпен аяқталуы. Мұндай жағдай UFC тарихында бұрын тіркелмеген.
«Performance of the Night» номинациясы бойынша қос бразилиялық Маурисио Руффи мен Сирил Ган 425 мың доллардан бонус алды. Олар тиісінше Майкл Чендлер мен Алекс Перейраны мерзімінен бұрын жеңген.
Ал «Fight of the Night» атағы Джастин Гэтжи мен Илиа Топурия арасындағы жекпе-жекке берілді. Гэтжи қарсыласын жеңіп, жеңіл салмақта жаңа чемпион атанды. Екі спортшы да 400 мың доллардан сыйақы алды.
Қалған жеңімпаздарға да жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін 25 мың доллар көлемінде бонус берілетіні хабарланды.
Материал авторы