Шавкат Рахмонов әйеліне қосылды ма? Желідегі сурет қызу талқыға түсті
Гүлайым Рахмонованың бұрынғы әйелі әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандар арасында жаңа пікірталас тудырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі жазбасымен желі қолданушыларының назарын аудартты. Ол спортшымен бірге түскен суретін жариялап, оқырмандар арасында олардың қайта қосылуы мүмкін деген болжамдардың тарауына себеп болды.
«Номад» деген лақап атпен танымал жауынгердің жеке өмірі соңғы уақытта көп талқыланып жүр. Бұл жолы әңгіменің жаңа себебін оның бұрынғы жұбайы берді.
Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, оған астарлы пікір қалдырды.
«Біз болжам жасаймыз, ал шешімді Жаратушы береді. Ертең не болатынын, тіпті дәл қазір не болатынын ешкім білмейді», – деп жазды ол.
Алайда көп ұзамай ол оқырмандарды артық ойға жетелемеуге шақырып, суреттің қазіргі емес, 2020 жылы түсірілген архивтік кадр екенін түсіндірді.
«Қыздарымның өтініші бойынша жарияладым. Асықпаңыздар, қорытынды жасауға ерте», – деді Рахмонова.
Соған қарамастан, жазба желіде үлкен талқы туғызды. Кейбір қолданушылар жұптың қайта жарасуын тілеп, олардың қарым-қатынасын белгілі қазақстандық жұптармен салыстырды.
Айта кетейік, биыл көктемде Шавкат Рахмоновтың отбасы төңірегінде үлкен дау болған еді. 19 наурызда Гүлайым Рахмонова спортшымен ажырасқанын ресми мәлімдеп, оны балаларына қатысты жауапкершіліктен бас тартты деп айыптаған.
Бұл мәлімдеме әйелдің атына қатысты сот процесі жүріп жатқан кезеңде жарияланды. Бұған дейін Алматы – Екатеринбург тасжолында болған жол апатына байланысты іс қаралған. Сол оқиға кезінде екі адам қаза тапқан болатын.
Материал авторы