588

АҚШ-та қаза болған қазақстандық Әсет Құралбайдың өлімі расталды

Қазақстан дипломаттары марқұмның отбасына көмек көрсетіп жатыр.

АҚШ-та қаза болған қазақстандық Әсет Құралбайдың өлімі расталды
Threads/bostonglobe2

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында табылған адамның жеке басын растады. Ол 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты.

Сыртқы істер ведомствосы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстан дипломаттары АҚШ-тың құзырлы органдарымен және қаза болған азаматтың отбасы мүшелерімен тұрақты байланыста», – деп хабарлады СІМ.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, дипломаттар марқұмның жақындарына қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу және денесін Қазақстанға жеткізу мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Чикаго маңында тұрған қазақстандық Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап оның телефоны қолжетімсіз болған.

14 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтың жоғалғаны туралы ақпаратты растаған болатын. Кейін оның қаза болғаны белгілі болды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор