«Жыныс мүшесіне тыққан»: Маңғыстауда қарт әйел 34 алтын бұйыммен ұсталды
62 жастағы әйелдің әрекеті тексеру барысында анықталып, заңсыз тасымал фактісі тіркелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы «Құрық» өткізу бекетінде кеден қызметкерлері заңсыз жолмен алып өтуге әрекет жасалған зергерлік бұйымдарды анықтады. Қазақстан азаматы ондаған алтын бұйымды жасырын түрде ел аумағына кіргізбек болған. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Оқиға 16 маусымда «Зарифа Алиева» теңіз кемесімен келген жолаушыларды тексеру кезінде болған. Кеден қызметкерлерінің назарына жаяу өткен 62 жастағы қазақстандық әйел іліккен.
Әйел төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін өзін күмәнді ұстай бастаған. Ол асықпай жүріп, іш тұсын жиі ұстай берген. Осы әрекеттер қосымша тексеру жүргізуге себеп болған.
Тексеру нәтижесінде әйелден 34 зергерлік бұйым тәркіленді. Оның ішінде 15 жиынтық, жеті сақина, үш сырға, бір алқа, екі білезік, бір ақ түсті білезік және бес сары түсті дөңгелек білезік болған.
«Тауарларды заңсыз алып өту фактісі бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
Қазір аталған жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы