630

Мұнай бағасы 80 доллардан төмен түсті: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

Трамптың мәлімдемесінен кейін инвесторлардың мұнай нарығына деген көзқарасы өзгеріп, баға төмендей бастады.

Мұнай бағасы 80 доллардан төмен түсті: Қазақстан экономикасына әсері қандай?
Justin Hamel/Bloomberg

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 80 доллардан төмендеді. Бұл АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейген кезеңнен бергі ең төменгі көрсеткіш.

Ақпан айының соңында АҚШ Иранға қарсы әскери операция бастағаннан кейін әлемдік нарықта мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылық күшейген еді. Соның салдарынан мұнай бағасы күрт өсіп, барреліне 120 долларға жуықтаған.

Алайда маусым айының ортасына қарай жағдай өзгерді. АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтқан мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы төмендей бастады.

Investing.com мәліметінше, 17 маусымда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 80 доллардан төмен саудаланды. Сарапшылар бұл көрсеткішті АҚШ-Иран арасындағы текетірес басталғаннан кейінгі ең төменгі деңгей деп бағалап отыр.

Нарыққа әсер еткен негізгі факторлардың бірі — Иран мұнайының қайтадан әлемдік нарыққа шығуы мүмкін деген болжам. Егер бұл орын алса, жаһандық ұсыныс көлемі артып, бағаға қысым күшеюі ықтимал.

Мұнай құнының төмендеуі Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін. Себебі елдің кіріс көздерінің маңызды бөлігін мұнай секторы құрайды. Шикізат бағасының өзгеруі теңге бағамына және мемлекеттік бюджетке ықпал етуі ықтимал.

Материал авторы