597

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Еламан Балтагерейдің ісі АҚШ-тағы көші-қон рәсімдері аясында қаралып жатыр.

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
x.com/ICEgov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың көші-қон және кеден қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстағанын мәлімдеді. Ведомство өкілдері оның терроризмге қатысы бар деген күдікпен тексеріліп жатқанын айтты. ICE әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпарат жариялады.

Ведомство мәліметінше, өткен жазда иммиграциялық сот Еламан Балтагерейді елден шығару туралы шешім қабылдаған. Алайда ол сот отырысына келмеген.

«Еламан Балтагерей терроризмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Оған қатысты депортация туралы соңғы шешім шығарылған. Ол елден шығару шаралары ұйымдастырылғанға дейін ICE бақылауында болады», — делінген қызмет мәлімдемесінде.

АҚШ тарапының мәліметі бойынша, қазақстандық азамат әзірге қамауда ұсталады.

Оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолданған. Алайда материал жарияланған сәтте ведомство өкілдері жауап бермеген.

Материал авторы