Депутат электронды темекілер мен "вейптерді" сатуға толық тыйым салуды қарастыруды сұрады

10.05.2023, 11:36
674
Депутат электронды темекілер мен "вейптерді" сатуға толық тыйым салуды қарастыруды сұрады smartnews.kz

10 мамырдағы мәжіліс отырысында депутат Нұргүл Тау премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, қазір электронды темекіге тәуелділердің қарасы прогресивті жылдамдықпен артып жатқанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Нұргүл Тау Respublica партиясына мектеп оқушылары мен жастар арасында "вейп" атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу туралы көп өтініш түскенін атап өтті. Депутат Әлихан Смайыловтың осы күрделі мәселеге назарын аударуды сұрады. Нақтырақ:

1) депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға;

2) электронды темекілердің, оның ішінде вейптердің жарнамасына тыйым салуға және осыған байланысты жауапкершілікті күшейтуге;

3) ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №22 бұйрығына «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электронды тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтарды орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салудың сақталуын тексеру туралы» тармақ қосу бөлігінде толықтыру енгізуге ұсыныс берді.

Өтініш білдірген ата-аналар құрамында никотині бар девайстардың таралуына және сатылуына түбегейлі қарсылық білдірген. Қазір әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салған. Олардың қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Қатар және тағы басқа елдер бар.

"Электронды темекіге тәуелділік балалар мен жастарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі. Осының салдарынан оқу орындарында оқушылар, студенттер арасында буллинг белең алуда. Тәуелділік құрбаны болған жастар көп жағдайда электрондық темекіге немесе басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмысқа барады", - деді Депутат Нұргүл Тау.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар 1735 қылмыс жасаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде ұрлық - 782 факт, алаяқтық - 166, тонау - 154, ұсақ ұрлық - 93, бұзақылық - 81.

Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді