787

ChatGPT пен AliExpress Қазақстанда салық мәселесіне тап болды

Шетелдік алпауыттар Қазақстан бюджетіне миллиардтаған теңге төледі.

ChatGPT пен AliExpress Қазақстанда салық мәселесіне тап болды
ЖИ / SMARTNEWS.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, OpenAI компаниясы, сондай-ақ AliExpress пен тағы ондаған шетелдік интернет-сервис Қазақстандағы салық міндеттемелерін толық орындамағаны анықталып, бюджетке қосымша ірі көлемде қаржы аударған. Бұл туралы «Tengrinews.kz» жазды.

Қазақстандық салық органдары жүргізген тексеріс нәтижесінде танымал ChatGPT чат-ботын әзірлеген OpenAI компаниясы ел бюджетіне 1,8 млрд теңге көлемінде салық төлемегені белгілі болған.

Компанияға ресми ескерту жіберілгеннен кейін, OpenAI анықталған қарызды толық өтеп, қажетті соманы Қазақстан бюджетіне аударған.

Тексеру барысында салық органдары тек OpenAI-мен ғана шектелмей, Қазақстанда кең қолданылатын AliExpress платформасын қоса алғанда, 76 ірі халықаралық интернет-компанияны бақылауға алған.

Мамандар шетелдік сервистер тарапынан негізінен екі түрлі заңбұзушылықты анықтаған.

Бір жағдайда кейбір платформалар Қазақстан аумағында міндетті тіркеуден өтпей, ел нарығында қызмет көрсетіп, табыс тапқан.

Екінші жағдайда компаниялардың қазақстандық пайдаланушылардан түскен нақты төлемдері мен бюджетке аударылған қосылған құн салығы (ҚҚС) арасында айырмашылық болған.

Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары араласқаннан кейін барлық 77 шетелдік компания анықталған кемшіліктерін жойып, бюджет алдындағы берешегін толық өтеген.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор