Петропавлдағы сепаратизм ісі: Күдіктілердің басқа өңірлердегі жақтастарын анықтау жұмысы жүргізілуде

10.05.2023, 14:15
551
Петропавлдағы сепаратизм ісі: Күдіктілердің басқа өңірлердегі жақтастарын анықтау жұмысы жүргізілуде smartnews.kz

«Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесін» құрушылардың басқа өңірлердегі жақтастарын анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар тұрғынының әлеуметтік желілерде «Халық кеңесін» құру бастамасын жариялау фактісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы, 2-тармағы бойынша (бұқаралық ақпарат құралдарымен немесе телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасаған сепаратистік әрекет) Петропавл қаласының бірнеше тұрғынына қатысты тергеу іс-шараларын жүргізуде. Комиссиялық психология сараптамасының қорытындыларына сәйкес қатысушылардың іс-әрекеттерінде сепаратизм белгілері анықталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда басқа өңірлерде олардың жақтастарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, осындай келеңсіз жағдайлар бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан заң талаптарын бұзушыларға қатысты қатаң ден қою іс-шаралары мен алгоритмдер пысықталған. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдардың жедел хабарландыру және ақпараттық әрекет ету алгоритмі жұмыс істейді.

«Бұдан басқа, өңірлік әділет органдары халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру үшін құқықтық мәдениет пен құқықтық нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүзеге асыруда. Осы ретте, құқықтық насихат бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-порталдарды, әлеуметтік желілерді қамтитын бірқатар іс-шара (тікелей эфирлер, кіріспелер, сұхбаттар) өткізілуде. Үкімет азаматтардың, әсіресе жастардың арасында патриотизм, мемлекеттік мүдде құндылықтарын насихаттау, ақпараттық түсіндіруді арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде», - деп атап өтеді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталғанын жазған едік.

«Президенттікке кандидат боламын деп шештім»: Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр «Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады Дональд Трамп Украинадағы соғысқа кінәлілердің бірі Зеленский екенін айтты Биылғы еліміздегі жаз бұрынғыға қарағанда өте ыстық болмақ Астаналық 15 жасар оқушы шахматтан Азия чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды Бүгін – Ғашықтар күні «Жаман адамның аты болса…»: Нұрлан имам азан шақырып қойылған есімді қалай өзгертуге болатынын айтты (ВИДЕО) «Қыздың әкесі жұмыста болған кезде зорлай берген»: Алматыда жантүршігерлік қылмыс анықталды Cот залынан қашып кеткен күдікті екі аптадан соң қолға түсті Меркіде мотоциклші жігітті жанармай бекетінде пышақтап кетті (ВИДЕО) «Көзге шөп салған адамды кешіру ақылға сыймайды»: Екатерина Жолбарыс отбасылық фотоларын жариялады