АҚШ арнасы тікелей эфирде Өзбекстан құрамасын Қазақстанмен шатастырып алды
2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде америкалық телеарна комментаторы Өзбекстан құрамасын Қазақстан деп атап жіберді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде америкалық телеарна комментаторы Өзбекстан құрамасын Қазақстан деп атап жіберді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Әлем чемпионаты аясында өткен Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасындағы матч кезінде америкалық FOX Sports телеарнасы эфирінде қателік кеткен.
Тікелей трансляция барысында ағылшын тіліндегі комментатор Джеки Оутли бірнеше рет Өзбекстан ұлттық құрамасын Қазақстан командасы деп атаған.
Комментатор аталған ойынды бұрынғы Англия құрамасының футболшысы Джои Бартонмен бірге жүргізген. Репортаж Мексикадағы «Ацтека» стадионынан таратылған.
Бұл матч Өзбекстан құрамасы үшін әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы ойын болды.
Комментатордың қателігі әлеуметтік желілерде талқыланып, футбол жанкүйерлері Орталық Азия елдерінің құрамаларын шатастырған жағдайға назар аударды.
Материал авторы