Алматыда әйел полицей көлігіне тас лақтырып, қашып кетпек болған
Патруль көлігіне шабуыл жасаған әйел ұсталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әйел адам патрульдік полиция көлігіне тас лақтырып, кейін қызметкерлерден қашуға әрекет жасаған. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.
Әлеуметтік желідегі кадрлардан әйелдің жол бойында келе жатқан полиция көлігіне қарай бірнеше рет тас лақтырғанын көруге болады. Кейін ол оқиға орнынан кетуге тырысқан.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, видеоға түскен жағдай бойынша әйелдің жеке басы анықталған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, азаматша өтіп бара жатқан патрульдік көлікке тас лақтырып, кейін полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған.
«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді полиция.
Ведомство өкілдері ұсталған адамның әрекеті негізсіз және түсініксіз сипатта болғанын атап өтті.
Осыған байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, әйелдің психоэмоционалдық жағдайы тексерілген.
Материал авторы