946

Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді
inform.kz

«Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша әзірленген бағдарламаның аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі.

Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек

-дуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді. Оның 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген», - деп жазды министрліктен.