1254

«Ауруханада жатқан»: Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды

Бірнеше күн іздеуде болған Кисло-Сладкийдің жағдайы белгілі болды.

«Ауруханада жатқан»: Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды
instagram.com/parasat.top

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер Кисло-Сладкий (шын аты – Дархан Жұмабек) аман-есен табылды. Музыканттың жағдайы туралы режиссер Парасат Ибраев хабарлады.

Парасат Ибраев Instagram парақшасында рэпердің табылғанын айтып, оны іздеуге атсалысқан және қолдау білдірген барлық адамға алғыс айтты.

«Осы күндері алаңдап, іздеуге көмектескен, ақпарат таратқан және бізге қолдау көрсеткен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Дархан аман-есен табылды. Енді жақсы сөз айтып, қуанышымызбен бөлісетін уақыт келді. Барлығыңызға рақмет», – деп жазды ол.

Алдын ала ақпарат бойынша, рэпер Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, оның денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген, ауыр жарақат алмаған.

Бұған дейін Парасат Ибраев музыканттың Таиландта жоғалып кеткенін айтып, оны іздеуге көмектесу үшін көші-қон полициясына жүгінген болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор